Біз, аналар, жүрегіміздегі мейірім мен жылылықты бала тәрбиесіне сіңіре отырып, ұрпаққа бірлік пен сыйластықтың мәнін ұғындыруды басты парызымыз деп білеміз. Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында, бір дастархан басында, бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтей отырып, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – ата-бабамыздан қалған асыл аманат.
Біз сол аманатты көздің қарашығындай сақтап, болашаққа жеткізуге міндеттіміз. Өйткені ынтымақ бар жерде – береке бар, ал береке бар жерде – елдің іргесі берік, болашағы нұрлы болады. Бейбіт аспан астында өмір сүру – әрбір отбасының бақыты, әр баланың сенімді ертеңі.
Сондықтан, біз, аналар, ел ішіндегі келісім мен достықты нығайту жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа мейірім мен сыйластықты, адалдық пен адамгершілікті үйретуді жалғастыра береміз. Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз, ал бейбітшілік – сол үйдің мәңгілік шамшырағы.
Г. Ибраева, Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
