Мықты қоғам жеке жауапкершіліктен басталады!
Табандылық, қайсарлық пен еңбекқорлық – адамға қиындықтарды еңсеруге, мақсаттарына жетуге және өз болашағын құруға көмектесетін қасиеттер. Дайын шешім мен сырттан келетін көмекті күтпей, бастама көтеріп, өз күшіне сеніп, адал еңбекті бағалай білу маңызды.
Масылдық психологиясынан арылу – дербестікке, жауапкершілікке және белсенді өмірлік ұстанымға бастайтын қадам. Осындай қасиеттер мықты қоғам мен жарқын болашақтың негізін қалайды!
