Қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік он спортшысының қатарына енді.

Қазақстандық спортшы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 10-орынға көтерілді.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде ол 2748 ұпай жинап, бірден алты сатыға жоғарылады.

Спортшы мұндай нәтижеге Загреб қаласында өткен Гран-при турниріндегі жарқын өнерінің арқасында қол жеткізді. Ол жарыста алтын медаль жеңіп алды. Финалдық белдесуде бразилиялық Рональд Лиманы иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.