🇰🇿 Әскери жоғары оқу орнының курсанты Латвияда өткен кір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Латвия астанасы Рига қаласында өткен кір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Руслан Азат жекелеген сайыста қола жүлдені еншіледі.