🚧 Қостанай облысында 163 шақырым жол жаңартылып жатыр

Қостанай облысында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл республикалық маңызы бар 163 шақырым жолды жөндеуге 22,4 млрд теңге бөлінген.

«ҚазАвтоЖол» мамандарының айтуынша, 7 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Қостанай – Солтүстік Қазақстан, Екатеринбург – Алматы бағытындағы жолдар және Ресей шекарасына дейінгі учаскелер бар.

Кейбір жолдар 20 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Жаңарту жұмыстары аяқталғанда тұрғындардың қатынауы жеңілдеп, жол жүру уақыты мен жанармай шығыны азаяды.

Тәулігіне 5 мыңнан астам көлік жүретін жолдарда құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлінуде.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/qWo5YEyRdVA