Екі тауды жалғайтын алып көпір: Қатонқарағайда ауқымды құрылыс жүріп жатыр

Шығыс Қазақстандағы Тереңсай асуы – күрделі бұрылыстары мен тік еңістері көп қауіпті жолдардың бірі. Әсіресе қыста қар көшкіні қаупі артып, ауыр жүк көліктерінің қатынауы қиындайды.

Осы мәселені шешу үшін 2017 жылы айналма жол жобасы қолға алынған. Жоба аясында екі тауды жалғайтын көпір салу көзделген.

Жаңа жол үш ауданның қаламен байланысын жеңілдетіп, тұрғындар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырмақ.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/qWo5YEyRdVA