Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға өсті

2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсті.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 89,5%, шетелдік – 9,8%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.

2026 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (15,8%) байланысты.

2026 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25,4%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,3 есе), Қызылорда (30,5%),Атырау (25,7%)және Павлодар (23,8%) облыстарында, Алматы қаласында (23,1%), Түркістан (20,6%), Шығыс Қазақстан (15,5%), Батыс Қазақстан (15,4%), Ақтөбе (14,2%) және Абай (13,1%) облыстарында және Астана қаласында (11,8%) байқалады.

2026 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18316,3 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,1% көбейіп, 14919,8 мың шаршы метрді құрады, олардан 9643,3 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 5212,3 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 14178,1 мың шаршы метрді немесе 95%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5648,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

Тұрғын үй құрылысының едәуір көлемі өңірлік бөліністе Алматы облысында тіркелді. Мұнда 1 107,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 16,9%. Түркістан облысында 988,5 мың шаршы метр (+6,2%), Қызылорда облысында 804,1 мың шаршы метр (+4,9%), Ақтөбе облысында 760,8 мың шаршы метр (+2,2%) және Жамбыл облысында 588,3 мың шаршы метр (+0,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

2026 жылғы қаңтар-қазанға білім беру және денсаулық сақтау саласында 22610 оқушы орнына арналған 44 жалпы білім беретін мектеп, 5437 орынға арналған 37 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 328 келіп-кетушіге арналған 9 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.

https://stat.gov.kz/news/aza-standa-rylys-zh-mystaryny-k-lemi-13-1-a-sti