Ақмолалық құтқарушылар эксперимент жасап, мұздың қалыңдығын тексерді
Көкшетау қаласында балалардың жұқа мұз үстіне шыққан жағдайы тіркелді. Мұздың қаншалықты қауіпті екенін көрсету үшін құтқарушылар Қылшақты өзенінде эксперимент жүргізді.
Нәтиже көп күттірмеді: небәрі 10 метр жүргеннен кейін құтқарушы мұз астына түсіп кетті.
Ата-аналарға ескерту:
- Балаларға мұз үстіне шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
- Олардың су айдындары маңында ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.
- Балалардың бос уақытын қайда және қалай өткізетінін бақылаңыздар.
- Тіпті сырттай берік көрінген мұздың өзі қауіпті болуы мүмкін екенін ескертіңіздер.
P.S. Барлық әрекеттерді кәсіби құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындады. Экспериментті өз бетіңізше қайталамаңыздар!
@112aqmola
