Олжас Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының барлық компаниялары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда
Премьер-Министр – «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов Қор басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жай заң аясында анықталады. Жағдай Мемлекет басшысының бақылауында.
Сонымен қатар, бұл жекелеген жағдай Қордың бүкіл тобының қызметіне күмән келтіруге негіз болмайтыны атап өтілді. Жақын уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалады. Басқару сабақтастығы мен Қор қызметінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі.
Қор құрамындағы барлық компания штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Инвесторлар, кредиторлар, банктер мен халықаралық қаржы институттары алдындағы міндеттемелер уақытылы әрі толық көлемде орындалады.
Сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау мен аудит тетіктерін күшейту бойынша жүйелі шаралар қабылданады.
Үкімет Қордың стратегиялық даму бағытының өзгермейтінін және халықаралық инвесторлармен сенімді әрі өзара тиімді әріптестікті жалғастыруға дайын екенін растады.
Толық мәлімдеме: https://sk.kz/press-center/news/79589/?lang=ru

