Департаментке жүгінгеннен кейін демалыс орны көрсеткен қызметтің сапасына қатысты дау реттеліп, тұтынушыға қаражаттың толық сомасы қайтарылды.Департаментке жүгінгеннен кейін демалыс орны көрсеткен қызметтің сапасына қатысты дау реттеліп, тұтынушыға қаражаттың толық сомасы қайтарылды.

Департамент қаражатты қайтаруға жәрдем көрсетті
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш берушінің отбасы демалған демалыс орны көрсеткен қызметтердің тиісті сапада болмауына байланысты тұтынушыдан өтініш келіп түсті.
Өтінішті қарау барысында тұтынушы демалыс орнындағы эвакуациялық шығу жолының жарамсыздығына, ыстық судың болмауына, нысанның санитариялық жағдайының талапқа сай еместігіне, бөлменің қоныстануға уақытылы дайындалмауына және көрсетілген қызметтердегі өзге де кемшіліктерге шағымданғаны анықталды.
Сонымен қатар, тұтынушы нысан әкімшілігіне WhatsApp мессенджері арқылы сотқа дейінгі шағым жолдаған.
Алайда Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабына сәйкес, шағым қолма-қол табыс етілуі немесе табысталғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы не сатушының (орындаушының) бұрын көрсеткен ресми электрондық пошта мекенжайына жіберілуі тиіс.
Сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібінің тиісті деңгейде сақталмауына байланысты тұтынушы Департаментке жәрдем көрсету туралы жүгінді.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Департаменттің жәрдемдесуі нәтижесінде 200 000 теңге мөлшеріндегі қаражат тұтынушыға толық көлемде қайтарылды.