Соның бәрінде бір нәрсеге көзім жетті – елге ең керегі татулық екен. Достық пен келісім болған жерде ғана халықтың тұрмысы түзеліп, болашағы жарқын болады. Біз соғыстың зардабын, қиын жылдардың тауқыметін көрген ұрпақпыз. Сондықтан бейбітшілік пен бірліктің қадірін ерекше түсінеміз.
Қазір жастарымыз әр ұлттың салтын сыйлап, бір-бірімен дос болып жүргенін көргенде көңіл марқайып қалады. Бұл – еліміздің ең үлкен жетістігі. Ұрпағымыз татулықты ту етіп өссе, Отанымыздың іргесі берік, келешегі нұрлы болатынына сенемін
Серік Баймурзин Зеренді ауданы Билер алқасының төрағасы
