Біздің елімізде сан түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп отыр. Бұл – ата-бабадан келе жатқан сыйластық пен ынтымақ дәстүрінің жалғасы.

Жастарға айтар тілегім: өзара құрмет пен мейірімді жоғалтпай, адамгершілік пен адалдықты ту етіп, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етсін.
Досқа – адал, елге – берекелі, ұрпаққа – үлгі бола білейік.

Бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыздың өзі – ең үлкен бақыт.

Қ. Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі