Біздің мемлекетімізде сан түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсатқа бірге ұмтылуда. Бұл – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, бізге аманат болған қасиетті құндылық.

Жастық шағымда талай қиындықтарды бастан кешірдік, бірақ халықтың ауызбіршілігінің арқасында бәрін еңсердік. Қазіргі таңда осы бірліктің арқасында еліміз дамып, өсіп-өркендеп отыр. Татулық бар жерде ырыс пен береке қонады, ал түсіністік пен құрмет бар жерде болашақ нық болады.

Менің тілегім – осы игі дәстүр әрқашан сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін. Еліміз әрдайым ынтымақ пен сыйластықтың мекені болып қала берсін!

З. Казиякпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары