Мұнда әрбір азаматтың құқығы тең, өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтауға толық мүмкіндік бар. Бұл – қоғамдағы әділдік пен демократиялық құндылықтардың нақты көрінісі.
Келісім мен әділдік – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Егер халық арасында түсіністік пен құрмет орнаса, ал заң алдында барлығы тең болса – ондай елдің болашағы да жарқын болмақ. Қазақстан осы қағидаларды берік ұстанып келеді.
Қазақ халқының қонақжайлығы мен бауырмалдық қасиеті түрлі ұлт өкілдерін ортақ шаңырақ астына біріктірді. Бұл бірлік уақыт сынынан өтіп, халқымыздың ең асыл мұрасына айналды. Келісім бар жерде ел іргесі мықты, әділдік бар жерде халықтың сенімі артады.
Сондықтан да Қазақстан – келісім мен әділдіктің шынайы отаны. Бұл қасиеттер біздің елді өзгелерге үлгі етіп көрсетіп отыр.
С. Баймурзин – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
