Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі Қазақстанның рухани келбетін айқындайды. Бауырмалдық – бір-біріне қол ұшын созу, жақсылық жасау, ал сыйластық – өзара құрмет пен түсіністіктің белгісі. Осындай құндылықтар бар жерде татулық та, береке де орнайды.
Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр халық өз дәстүрі мен мәдениетін сақтап, еркін дамыта отырып, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосуда. Мұның барлығы – қазақ халқының кең пейілі мен бауырмалдық қасиетінің арқасы.
Сыйластық пен түсіністік қоғамның тұрақтылығына жол ашады. Бір-бірін құрметтеген халық қашанда мықты, ал бауырмалдықты ту еткен елдің болашағы жарқын. Сондықтан Қазақстанды – бауырмалдық пен сыйластықтың өлкесі деп атау орынды.
Бұл қасиеттер – біздің ұлттық болмысымыздың өзегі, тәуелсіз еліміздің ең басты байлығы. З. Қазияқпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
