Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, татулықты басты құндылыққа айналдырған ел. Осында өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әрқайсысы өз мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді.
Татулық бар жерде тұрақтылық орнайды. Ал тұрақтылық бар жерде өркендеу болады. Бүгінгі Қазақстан – бірлігі жарасқан елдің бейнесі, ынтымақ пен берекенің мекені.
Біздің ең үлкен байлығымыз – елдің бірлігі мен халықтың амандығы. Сол себепті Қазақстанның көк байрағы әрқашан татулық пен тұрақтылықтың символы болып қала бермек. Қ. Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
