Бүгінгі таңда елімізде сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді. Әр халықтың салт-дәстүрі мен мәдениеті сақталған, әркім өз тілін дамытуға мүмкіндік алған. Бұл – елдің татулығы мен берекесінің нақты көрінісі.
Бірлік бар жерде – береке болады. Ал береке бар жерде тұрақтылық пен өркендеу орнығады. Қазақстан – осындай құндылықтарды дәріптеп, келер ұрпаққа бейбіт өмірдің үлгісін көрсетіп отырған мемлекет.
Шын мәнінде, Қазақстан – бірлік пен берекенің елі. Осындай татулық пен тұрақтылық үшін туған Отанымызға деген ризашылығымыз шексіз.
Д. Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
