Қазақстандағы түрлі халықтар татулық пен өзара құрметке негізделген өмір сүріп келеді. Достық бар жерде береке болады. Елдің дамуында ынтымақ пен татулықтың рөлі айрықша. Қазақстан – ұлттар арасындағы достықтың алтын бесігі. Мұнда әрбір халықтың салт-дәстүрі мен мәдениеті сақталып, дамуына мүмкіндік жасалған. Достықтың арқасында елімізде бейбіт өмір орнады. Бұл – келешекке қалдырылған ең асыл қазына.
Қ. Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
