Біздің елімізде барлық ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ең үлкен байлығымыз – халқымыздың бірлігі мен бейбіт күннің қадірін білуі. Мемлекетіміз әлемге әрдайым бейбітшілікке үндейтін игі бастамаларын ұсынып келеді. Қазақ жерінде ешкімді ұлтына, дініне қарай бөлу деген жоқ, керісінше, барлығына тең мүмкіндік жасалған. Бұл – алтын шаңырағымыздың астындағы ынтымақ пен сыйластықтың айқын көрінісі. Біз аналар үшін еліміздегі тыныштық – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұра. Сол себепті бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
Г. Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрағасы