Бір ауылда, бір қалада, бір мемлекетте татулық орнаса, тұрақтылық та қатар келеді. Қазақстанда түрлі діндер мен мәдениеттер бар. Бірақ олардың барлығы татулықта өмір сүріп отыр. Бұл – халқымыздың бауырмалдылығы мен қонақжайлылығының жемісі. Қазақ халқы ежелден «Татулық – табылмас бақыт» деп айтқан. Расында да, татулықсыз ешқандай ел алға баспайды. Қақтығыс, бөлінушілік – халықты әлсіретеді. Ал татулық болса, халықтың күші артады. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы татулықты нығайту үшін құрылған. Біз көпұлтты ел ретінде тату өмір сүрудің үлгісін көрсетіп келеміз. Әлем елдері Қазақстанға осы үшін құрметпен қарайды. Татулық – тыныштықтың, бейбітшіліктің кепілі. Әрбіріміз татулықты сақтасақ, еліміз гүлдене береді. Бүгінгі ұрпақ татулықты сақтап, ертеңгі күнге аманат етуі тиіс.
Г. Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
