Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы, бейбітшілік пен келісімнің мекені. Осы көпұлтты қоғамда келісім мен достық – ел болашағына бастайтын берік көпір болып табылады.
Келісім – бұл тек үндестік емес, сонымен қатар өзара құрмет пен түсіністік. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр ұлттың тілі мен дәстүрі бағаланған қоғамда татулық пен бейбітшілік орнығады. Бұл – әр азаматтың ел игілігі үшін бірлесіп еңбек етуіне жол ашады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды институттар осы бағыттағы жұмыстың жарқын үлгісі болып, түрлі этностарды біріктіретін маңызды алаңға айналды.
Достық – адамдарды жақындастыратын, бір мақсатқа біріктіретін күш. Достықтың арқасында біз ортақ жеңістерге жетеміз, сын-қатерлерді бірге еңсереміз. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін осы баға жетпес құндылықтар еліміздің дамуына негіз болады. Бүгінгі Қазақстан жастары татулық пен достықтың мәнін бойына сіңіріп өсіп келеді, бұл – ертеңгі күннің жарқын болашағының кепілі.
С. Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
