Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осындай этностық алуандылықта тұрақтылық пен келісімді сақтау – мемлекет үшін ең басты құндылық әрі болашаққа сенімді қадам.
Достық пен келісім – Қазақстанның ең қымбат байлығы. Ол – ел дамуының, қоғамның тұрақтылығының және болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан әрбір азамат осы құндылықтарды дәріптеп, бейбітшілік пен татулықты сақтауға атсалысуы қажет. Бұл – әркімнің Отаны алдындағы азаматтық парызы.
Г. Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
