Бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйластықта өмір сүрген ортада әрқашан тыныштық орнайды. Достық адамдарды жақындастырып, бір-біріне қолдау көрсетуге жетелейді. Ал келісім – түрлі пікір мен көзқарастың үйлесім табуы, ортақ мақсатқа ұмтылуы. Қазақ халқы ежелден «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаған. Қазіргі Қазақстанда түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі осы достық пен келісімнің нақты көрінісі. Бір-бірін құрметтеген халық қашанда биік шыңдарды бағындырады. Достық арқылы адамдар қуанышты да, қиындықты да бірге еңсереді. Келісім орнаған ортада әділдік пен сенім нығаяды. Бұл қасиеттер жастарға үлгі болып, олардың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік сезімін қалыптастырады. Достық – жүректерді жақындатса, келісім – қоғамды біріктіреді. Осындай құндылықтарды сақтай білген елдің болашағы жарқын болмақ. З. Қазиякпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Последние новости
- Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда
- Бейнежазбаға да сене беруге болмайды: Көкшетауда интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері талқыланды
- 🇰🇿🇲🇪 Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті
- Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет берді
- Президент меймандарға ілтипат білдіріп бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда
