Достық адамдардың арасындағы сыйластық пен сенімді күшейтсе, келісім қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бір-бірін құрметтеп, қолдау көрсеткен ортада әрдайым береке орнайды. Қазақ халқы ежелден қонақжайлық пен кеңпейілділікке ерекше мән беріп, өзге ұлт өкілдерін де бауырына тартқан. Бұл қасиет бүгінде ел ішіндегі татулықтың іргетасына айналды. Келісім орнаған жерде дау-дамай азайып, бірлік күшейеді. Достық болса адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, биік жетістіктерге жетелейді. Әсіресе көпұлтты Қазақстан үшін бұл құндылықтардың орны ерекше. Әрбір этностың мәдениеті мен дәстүрін сыйлау – нағыз достық пен келісімнің белгісі. Татулық пен бірлікті сақтай білген халық қашанда алға жылжиды. Біздің болашағымыз да осы құндылықтарға негізделгенде ғана баянды болмақ.
С. Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі