Ұлтаралық татулық пен келісім – еліміздің ең басты құндылығы және тұрақтылығының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт әрі бірлік ішінде өмір сүруде. Бұл – елдегі саяси тұрақтылықтың, халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйластықтың нәтижесі. Қоғамдағы келісім мен достық – мемлекет дамуының іргетасы. Әрбір этностың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу – халқымыздың баға жетпес байлығы. Өзара түсіністік пен сыйластық арқылы біз бірге мықты және берік Қазақстан құрып жатырмыз. Бұл – барша халықтың ортақ міндеті әрі парызы. Жастар арасында ұлтаралық достықты нығайту – біздің болашағымыздың кепілі. Оларды бейбітшілік пен бірлікке тәрбиелеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Қазақ тілін меңгеру мен мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру арқылы әрбір азамат өзін Қазақстанның толыққанды мүшесі ретінде сезіне алады. Достық пен келісім салтанат құрған жерде елдің мерейі өсіп, болашағы жарқын болмақ.
Л. Адилова – Зерендк аудандық емханасының фельдшер-лаборанты