Татулық пен түсіністік орнаған жерде қайшылық азайып, ортақ мақсаттар жүзеге асады. Әлемде бейбіт өмір сүріп, тұрақты дамуға ұмтылған мемлекеттердің табысы да бірлігіне байланысты. Қазақстан да көпұлтты ел ретінде өзінің татулығы мен келісімі арқылы ерекшеленеді. Қоғамдағы әрбір этностың мәдениеті мен дәстүрін сыйлау – достықты нығайтып, халықтарды жақындастырады. Бірліктің арқасында еліміз биік жетістіктерге жетіп, әлем алдында беделі артып келеді. Достық – адамдарды жақындатса, келісім – қоғамды тұтастырады. Бүгінгі таңда түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы ынтымақтастық – болашақтың берік іргетасы. Бұл құндылықтар жас ұрпақтың бойына да сіңіп, оларды жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сондықтан бір-бірімізді құрметтейік, бірлікті бағалайық, бейбітшілік пен келісімді бірге нығайтайық!
Г. Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
