Біздің елдің ең үлкен байлығы – халықтың бірлігі мен келісімі. Бірлік бар жерде барлық қиындық жеңілдеп, кез келген мақсатқа жетуге жол ашылады. Келісім – әртүрлі көзқарас пен пікірді сыйлай отырып, ортақ мүддеге ұмтылу. Қазақ халқы ежелден татулықты ту етіп, «Бірлік түбі – береке» деп ұрпаққа өсиет еткен. Бүгінгі Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшіліктің айқын көрінісі. Бірлік пен келісім сақталған жерде әділдік пен сенім нығаяды. Олар қоғамдағы достықты бекемдеп, жастарды ынтымаққа тәрбиелейді. Әр азамат өзара сыйластыққа үлес қосса, елдің де мерейі үстем болады. Сондықтан да бірлік пен келісім – халқымыздың болашағын айқындайтын басты құндылық.
О. Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
