Қанша ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз – біздің бірлігіміздің айғағы. Қазақстанда әрбір этнос өз мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, бір-бірімен сыйластықта өмір сүруде. Бір-бірімізді сыйлап, түсіне білгенде ғана еліміз дамып, бейбітшілігіміз нығаяды. Татулық – тұрақтылықтың, ал тұрақтылық – жарқын болашақтың кепілі. Жас буын ретінде біз әрқашан бірлікті, өзара қолдауды және ынтымақтастықты алдыңғы орынға қоямыз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз әрі келешекке қосар үлесіміз. Қазақстанның көпұлтты қоғамында әр адамның бейбіт өмір сүруі – келісімнің мықты екенін көрсетеді. Біз осы дәстүрді сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені достық пен келісім – мықты мемлекеттің басты тірегі.
Сандуғаш Қалиева, волонтер
