Қазақстандағы халықтар достығы – бейбіт өмірдің кепілі. Әлемде түрлі қақтығыстар болып жатқанда, біздің елдің тыныштығы бағаланбай қоймайды. Бұл – сан ұлтты бір шаңырақ астына топтастырған келісімнің арқасы. Зиялы қауым өкілі ретінде мен жастарға татулықтың мәнін түсіндіруді парыз санаймын. Өйткені достық пен бейбітшілік – болашақтың алтын көпірі.
С. Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
