Балаларымыздың болашағы үшін біз ең алдымен бейбітшілікті сақтауымыз керек. Олар достық пен келісім орнаған елде өссе, мейірімді, бауырмал болып қалыптасады. Менің балаларым түрлі ұлт өкілдерінің достарымен араласады, олардың салт-дәстүрлерімен танысады. Бұл – үлкен мектеп, өмірлік тәжірибе. Достық бар жерде ұрпаққа сенімді болашақ бар. Келісім – ананың жүрегін тыныштықпен толтыратын қасиет. Әр шаңырақта татулық болса, бүкіл елде де бейбіт өмір орнайды.
Г. Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
