Мен еңбек жолымда әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істедім. Сол кезде олардың әрқайсысының еңбексүйгіштігі мен бауырмалдығына куә болдым. Жұмыста да, өмірде де бізді ортақ мақсат біріктірді. Еңбек ұжымындағы достық пен татулық – мемлекетіміздегі бірліктің шағын көрінісі сияқты еді. Қазір сол жылдарды сағынышпен еске аламын. Әрбір жетістік артында татулықтың тұрғанын жақсы білемін. Сондықтан халықтар достығы – елдің ең үлкен байлығы деп санаймын.

О. Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы