Біз, еріктілер, әрдайым қоғамға пайда әкелуді мақсат етеміз. Акцияларға қатысқанда түрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істейміз. Сол сәтте бізді ешқандай айырмашылық бөлмейді, керісінше ортақ мүдде біріктіреді. Достық пен бірліктің күші сонда айқын сезіледі. Әрқайсымыздың ниетіміз бір болса, кез келген істің нәтижесі жақсы болмақ. Келісім – ортақ жетістікке бастайтын жол. Сондықтан халықтар арасындағы татулық – еліміздің ең басты құндылығы.
А. Гизат- волонтер
