Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен алматылық жүлдегерлерді құттықтап, марапаттады. Салтанатты рәсімде спортшыларға алғыс хат пен сертификат табысталды.
«Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – мен үшін де екі есе қуаныш. Себебі алматылық спортшыларымыз ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды», – деді қала әкімі.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Отандастарымыз 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.
