Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі автоматтандырылды

📍 Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр.

📲 Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат» және Face ID жобалары іске қосылды.

🖥 Есептеу мен төлемнің ашық әрі әділ жүйесін жасау мақсатында барлық өңірде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жобасы енгізілді.

▫️Медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

▫️ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі – 87,3%-ды құрап отыр.

▫️ Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған видео-жетон енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.

▫️ Барлық медициналық деректі біріктіру мақсатында бірыңғай медициналық деректер қорын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

✅ Осылайша, елімізде жүйелі түрде сапа мен инновацияға негізделген заманауи, тұрақты медициналық жүйе қалыптасуда. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жалғаса береді.