Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда

📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмалары аясында тұрақты өсімді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған экономиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.

2025 жылдың тоғыз айында ел экономикасының өсуі 6,3%-ды құрады. Бүгінде көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр.