Мемлекет үлесін төмендету және бәсекелестікті дамыту
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 922,1 млрд теңге сомасындағы 396 мемлекеттік нысан бәсекелес ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға немесе таратуға жіберілді.
Ірі мемлекеттік компаниялар IPO/SPO-ға шығарылды:
▫️«Қазмұнайгаз» АҚ – 153,9 млрд тенгеге,
▫️ «KEGOC» АҚ – 22,6 млрд тенгеге,
▫️ «Эйр Астана» АҚ – 10,6 млрд тенгеге.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 3 трлн теңгеден астам баланстық құны бар 400-ден аса компанияны оңтайландыруды қолдады.
2026-2030 жылдары үш кезеңді оңтайландыру жоспарлануда:
▫️1 кезең (2026) – 200-ге жуық нысан;
▫️2 кезең (2027-2028) – 100-ден астам компания;
▫️ 3-кезең (2029-2030) – 60-қа жуық компания, негізінен жылу және энергетика саласында.
Басты мақсат – мемлекеттік активтерді бәсекелес ортаға беру, экономиканың тиімділігін арттыру және жеке бизнесті дамыту үшін жағдай жасау.
Сонымен қатар бәсекелес салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар санының қайтадан өсуіне жол бермеу үшін нормативтік шарттар пысықталуда. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуына негіз болатын тұстар қысқартылуда.
