Волонтёр ретінде мен халықтар арасындағы достық пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін күн сайын сезінемін. Әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істей отырып, олардың мәдениеті, дәстүрі, дүниетанымы қаншалықты бай екенін түсінемін. Волонтёрлық шараларда біз бір мақсат үшін жұмыла еңбек етеміз, ал бұл өзара сенім мен құрметті арттырады. Тіл, дін немесе салт-дәстүрдегі айырмашылықтар ешқашан кедергі болмайды, керісінше бір-бірімізден үйренуге мүмкіндік береді. Бірлікте атқарылған әр іс халықтар арасындағы татулықты нығайтады. Біз адамдарға көмек көрсете отырып, жақсы қарым-қатынастың үлгісін көрсетеміз. Халықтар достығы – қоғамның тұрақтылығының кепілі, ал келісім – ортақ мақсатқа жетудің жолы. Волонтёрлар ретінде біз әрдайым мейірімділік пен татулықтың таралуына атсалысамыз. Мықты, бейбіт қоғам қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз, сондықтан әр ұлт өкілін құрметтеу өте маңызды. Халықтар арасындағы достық пен келісімді сақтау – шынайы адамгершіліктің белгісі.

Жанна Абдрахманова-волонтер