Халықтар арасындағы достық пен келісім – елдің тыныштығының және тұрақты дамуының басты шарты. Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірімен тату өмір сүрсе, қоғамда өзара сенім қалыптасады. Сенім бар жерде әр адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінеді. Көпұлтты мемлекетте ең маңыздысы – бір-бірін түсіне білу. Әр халықтың мәдениеті мен тілі ерекше, сол ерекшелікті құрметтей білу – келісімнің негізі. Достық пен бірлік елді қиын кезеңдерде де біріктіреді. Халықтар арасындағы татулық ортақ мақсатқа жетуге көмектеседі. Бірлікті сақтау – тек мемлекетке емес, барлық азаматқа ортақ жауапкершілік. Келісім бар жерде қоғамда шығармашылық та, еңбек те жақсы жүреді. Сондықтан халықтар арасындағы достықты бағалау – әр адамның парызы.
Л.Адилова – Зеренді аудандық емханасының фельдшер-лаборанты
