Халықтар арасындағы келісім – біздің көпұлтты еліміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Әртүрлі халықтардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – бейбітшіліктің белгісі. Әр ұлт өз мәдениетін сақтай отырып, басқа халықтардың құндылықтарын да құрметтей алады. Бұл – достық пен татулықтың шынайы көрінісі. Халықтар бір-бірін тыңдап, түсінуге тырысқанда ғана келісім орнайды. Татулық адамды сабырлы, кеңпейіл болуға тәрбиелейді. Достықты сақтаудың бір жолы – бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болу, ортақ істерді бірге атқару. Халықтар арасындағы бірлік елге тұрақтылық әкеледі. Мұндай ортада жас ұрпақ бейбіт өмірдің маңызын түсініп өседі. Сондықтан халықтар достығын сақтау – болашаққа жасалған үлкен қадам.
Ш.Нуртаева-Зеренді балық шаруашылығының маманы
