Халықтар достығы – тарихпен қалыптасқан әрі уақытпен нығая түсетін құндылық. Қазақстан секілді көпұлтты ортада бұл ұғымның мәні ерекше. Әр ұлттың мәдениеті, тілдік ерекшелігі, дәстүрі қоғамды байытады. Ал оларды құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Әртүрлі көзқарастардың болуы да қалыпты, бірақ бұл айырмашылықтар кедергі емес, керісінше дамуға жол ашады. Адамдар бір-бірін тыңдай білгенде ғана ортақ шешім табылады. Тұрмыстық мәселелерді бірге шешу де достықтың белгісі. Қандай да бір іс-шарада, жобада немесе ең қарапайым жұмыста бірлесе әрекет еткенде, адамдар арасындағы сенім артады. Бірлік болған жерде кез келген қиындық жеңіл өтеді. Бұл жағдай қоғамға да, отбасыларға да жағымды әсер етеді. Достық пен келісім — жоғарыдан емес, адамдардың өз жүрегінен басталатын дүние.
Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
