Халықтар келісімінің күші — ортақ болашаққа деген сенімде. Әр адам елдің тыныш болуын қалайды, ал тыныштық тек бірлік болғанда сақталады. Әртүрлі ұлт өкілдері бір мекемеде, бір көшеде, бір аулада өмір сүріп, күнделікті байланыс орнатады. Осы байланыстар уақыт өте достыққа айналады. Біреудің қуанышына ортақтасу, қиын кезінде көмектесу – барлық халыққа ортақ қасиет. Бұл адамзаттың табиғи құндылығы. Осындай ортада адамдар бір-бірін жатсынбайды. Кейде әңгіме кезінде әр ұлттың өмір салты жайлы жаңа ақпарат естіп, таңғаласың. Бұл қызығушылық та ынтымақтастықтың белгісі. Ұлттық ерекшеліктерді білу – өзгелерді түсінудің кілті. Адамдар арасындағы сенім артқан сайын, қоғамның болашағы да жарқын бола түседі.

Зейнегүл Қазияқпарова -Зеренді ауданды ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары