Қазақстанда этностар арасындағы достық – бірліктің символы. Бұл қоғамдағы келісімге негізделген құндылық. Әрбір этнос өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанға қызмет етеді. Халықтың бірлігі ел дамуына серпін береді. Этномәдени орталықтардың жұмысы халықтарды жақындастырады. Олар ұлттық өнерді, дәстүрді насихаттайды. Мектептерде көпұлтты қоғам туралы сабақтар өтеді. Балалар бір-бірінің мәдениетін сыйлауды үйренеді. Бұл болашақта да татулықты сақтауға әсер етеді. Қоғамда толеранттылықтың деңгейі жоғары болуы маңызды. Бұл адамдар арасындағы сенімді арттырады. Бірлік пен бейбітшілік – елдің асыл қазынасы. Оны сақтау барлығымызға ортақ жауапкершілік. Халықтар достығы – тұрақтылықтың кепілі болып қала береді
Ляззат Адилова-Зеренді аудандвқ ауруханасының фельдшер-лаборанты
