Этносаралық татулық – қоғамның тұрақтылығының басты факторларының бірі. Әр этнос өзінің мәдени мұрасын дамыта отырып, елдің рухани өміріне үлес қосады. Қазақстанда халықтардың бейбіт өмірі қалыптасқан құндылық. Бұл мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесі. Этностардың құқықтары мен бостандықтары бірдей қорғалады. Мұның бәрі өзара сенім атмосферасын қалыптастырады. Халықтар арасындағы достық түрлі іс-шараларда айқын көрінеді. Мәдени фестивальдер мен концерттер адамдарды біріктіреді. Әр этнос ұлттық киімін, өнерін таныстырады. Бұл қызығушылық пен құрметті арттырады. Жастардың араласуы да өте жоғары деңгейде. Олар бірге оқиды, жұмыс істейді, шығармашылық жобалар жасайды. Бірлік бар жерде тыныштық орнайды. Сондықтан этносаралық келісім – сақтауға қажет маңызды құндылық.
Шолпан Нұртаева- Зеренді балық шаруашылығының маманы
