Халықтар достығы– біздің ортақ қазынамыз. Әр ұлттың ерекшелігі қоғамның байлығын арттырады. Қазақстанда этностар арасында сыйластық қалыптасқан. Бұл бейбіт өмірді қамтамасыз етеді. Достықты нығайту үшін ортақ іс-шаралар мен мәдени жобалар ұйымдастырылады. Олар халықты жақындастырады. Әрбір мереке түрлі этностардың тағамдары, билері және өнері арқылы өтеді. Бұл мәдени алмасуға мүмкіндік береді. Жастар арасындағы достық – болашақта да татулықтың жалғасуына себеп болады. Этносаралық қатынас үшін ашықтық маңызды. Әр азамат өзге ұлттарды құрметтеуі керек. Толеранттылық – қоғамның дамуы үшін негізгі принцип. Бірлік пен келісім барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сондықтан халықтар достығы – мемлекет болашағының кепілі.
Сандуғаш Қалиева -волонтер
