Халықтар достығы – біздің қоғамымыздың басты күші. Бұл достықты нығайту үшін әр адам өз ортасынан бастау алуы тиіс. Әр ұлттың мәдениеті ерекше әрі бағалы. Оларды танып-білу халықтар арасындағы байланысты тереңдетеді. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, әртүрлі дәстүрлерді көруге болады. Бұл көптүрлілік бізді байытады. Этносаралық татулық – ел дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адамдар арасындағы ашық диалог сенімді арттырады. Мәдени орталықтар халықтарды жақындастыруда өзінің маңызды рөлін атқарады. Олар ұлттық тағамдар фестивальдері, концерттер ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар біріктіруші күшке ие. Әр этностың тілі мен салт-дәстүрін құрметтеу – адамгершіліктің белгісі. Қоғамдағы тыныштық әр азаматтың ынтымағына байланысты. Сондықтан татулықты сақтау – ортақ міндет.

Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы