Мен достықты адамдар арасындағы ең жылы байланыс деп санаймын. Әсіресе көпұлтты қоғамда бұл сезім ерекше мәнге ие. Біз бір-біріміздің мәдениетімізді білсек, сыйластық күшейеді. Мен оқыған сыныпта түрлі ұлттың балалары болды. Біз ешқашан бөлінбейтінбіз. Мінездеріміз әртүрлі болса да, ортақ қызығушылықтар таптық. Спорттық жарыстар, мерекелер бізді біріктірді. Әр ұлттың дәстүрі өте қызық көрінетін. Бұл бізді бауырластырды. Достық ешқашан шектеу қоймайды. Ол адамдарды жақындастыратын көпір іспетті. Сондықтан келісім – қоғамның ең басты тірегі. Мен осы құндылықты әрдайым қолдаймын. Болашағымыз тату болсын.
Ляззат Адилова-Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты
