Қазақстанда өмір сүрген әр адам бірліктің қадірін түсінеді деп ойлаймын. Себебі біздің елде жүзден астам этнос бар. Олардың барлығы тату өмір сүріп келеді. Бұл – үлкен жетістік. Мен әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істеймін. Олармен сөйлескенде, әрқайсысының мәдениеті ерекше екенін сезінемін. Бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Ол – сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік. Біз кейде ортақ мерекелер ұйымдастырамыз. Сол кезде әр ұлт өз өнерін көрсетеді. Бұл адамдар арасындағы жақындастықты арттырады. Мен үшін татулық – жай сөз емес, нақты әрекет. Әр адам қоғамға өз үлесін қосса, келісім мәңгі сақталады.

Қуанышбек Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі