Достық пен бейбітшілік – елдің дамуының басты шарттарының бірі. Әртүрлі халықтың өкілдері бір елде өмір сүріп, өз мәдениетін еркін таныстырса, бұл – орнықты саясаттың белгісі. Мен түрлі елдерден келген адамдармен жиі кездесемін. Әрқайсысының ойы, дәстүрі қызықты. Біз пікір алмасқанда, бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Бұл қарым-қатынасты нығайтады. Адамдар арасындағы сенім – өте маңызды. Сенім болған жерде ешқандай кедергі болмайды. Мен үшін бейбітшілік – тек соғыссыз өмір емес, ол – адамдардың бір-бірін тыңдай алуы. Қиындық туса, бірге шешкен дұрыс. Осылайша қоғам өседі. Татулық – ұзақ уақыттық еңбек. Бірақ ол әрдайым жемісін береді. Мен достықты өмір бойы сақтауға тырысамын.
Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
