Менің ойымша, келісім мен достық – қай қоғамның да тірегі. Әсіресе көпұлтты елдер үшін бұл аса маңызды. Біз бір-бірімізге түсіністікпен қарасақ, кез келген қиындықты жеңеміз. Мен жұмыс істейтін жерде әртүрлі ұлттың адамдары бар. Бірақ біз ешқашан бөлінбейміз. Барлығымыздың міндетіміз ортақ. Кейде бір-біріміздің мерекемізге қатысамыз, бұл да татулықты нығайтады. Адамдар бір мәдениеттен болса да, мінездері әртүрлі. Бірақ сыйластық бәрін шешеді. Жылы сөз айтсаң, адам да саған сондай жауап береді. Мен кішкентай әрекеттердің өзі үлкен татулыққа бастайтынын байқадым. Сондықтан әр адам мейірімді болуға тиіс. Осылайша қоғамда бірлік қалыптасады. Достық – күн сияқты, бәріне жарық сыйлайды.

Асем Гизат- волонтер