Достық туралы ойлағанда, ең алдымен, әртүрлі ұлт өкілдерінің бір үстел басында күліп отырғаны көз алдыма келеді. Бұл – шынайы үйлесімнің көрінісі. Мектептегі іс-шаралар бізді бір-біріміздің мәдениетін сыйлауға үйретті. Біз қазақша да, орысша да еркін сөйлестік, бірімізден бірі үйрендік. Кейде ұлттық тағамдарымызды алмастырып, бірге дайындайтын едік. Бұл бізді жақындастыратын. Тіл үйрену де – достық құралы. Бір-бірінің тілін білсең, адамды жақсырақ түсінесің. Ұлттық киімдер, би мен ән – бәрі де достықтың көпірі. Қоғамда әртүрлілік болса да, мақсат ортақ. Ол – бейбітшілік пен ынтымақ. Осындай ортада өскеніме қуаныштымын. Мен татулықты болашаққа жеткізгім келеді. Себебі достық – баға жетпес байлық.
Сандуғаш Калиева -волонтер
